Жарнама
Қоғам

«Алма алма ағашынан алысқа түспейді»

Үлкендер жағы «Кім боласың?» деп сұрағанда біріміз алдымызға қарап бой түзеп «ұстаз» десек, енді біріміз «дәрігер боламын» деуші едік.

WhatsApp-Image-2018-11-14-at-17.36.34

Мен де ұстаз деген ұлы жолды таңдадым. «Алма алма ағашынан алысқа түспейді» деген рас екен-ау. Ұстаздар ұясынан ұшып шығып, осы жолды бетке алдым. Тоқсан  жылдық тарихы бар тоғыз жолдың торабында орналасқан Мақаттың алғашқы мұнайы атқылаған мекені Доссордың тумасы Қатира апамыздың атына берілген Атырау гуманитарлық колледжінің табалдырығын аттадым. Бүгінде сапалы білім мен білікті маман жиналған оқу ордасында оқығанымды мақтан тұтамын.

Алматыға емес, арман қала Атырауға келіп студент атандым. Қаланың күйбең тірлігі кейде үйге деген ыстық сағынышты маздатушы еді. Міне, сол күннен бері төрт жыл төрт мезгілдей өте шығыпты.  Облыстың  түкпір-түкпірінен жиналған құрбыларым «Студенттер үйімен» қамтамасыз етілген. Бәрі бір үйдің баласындай. Көңілді күндеріміз, қызықты сәттеріміз осында өтуде. Екінші анамыз Дина Құндызбайқызы үнемі жастардың жанынан табылады. Әр аптада түрлі шараларды ұйымдастыруды негіздеп, күнімізді мерекеге айналдыруда.

Осындай мүмкіндіктің барлығы тәуелсіздіктің арқасы. Бұл – кемел елдің болашағы жастар деп үміт артқан  Елбасы саясатының нәтижесі. Үлкен ұжымды басқарып отырған Айжан Қарабаеваның іскерлігінен десе де болғандай. Тұғыры биік тәуелсіз еліміз жайнап, жасарып тұрғанда, жалынды жастары барда ертеңгі күннің іргетасы мықты боларына сенемін.

Аружан ҚАМЗИНА,

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button