ҚҰРМЕТТІ СОҒЫС ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ, БАРША АТЫРАУЛЫҚ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері атынан 30-шы тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздің бүгінін бүтіндеп, болашағының бағдаршамы болған Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 18 жыл толып отыр. Елге, жерге, шаңыраққа ортақ мүддені ту еткен, осынау бас құжат қабылданған атаулы күн – ең ірі тарихи оқиға. Баршаңызды осы мерекелі күнмен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс, береке, ынтымақ тілейміз.

 

Әліпқали БЕКЕШ, Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз