Биыл Атырауда 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылады

3e10628104bb32e5dee38e69ff2c4dac Жаңалықтар

Биыл Атырауда 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылады.

3e10628104bb32e5dee38e69ff2c4dac

«Қазіргі кезде жоспарды бекіту жұмыстары жүргізілуде» дейді Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нариман Салимов.

Бұл ретте, былтыр еңбекке жарамды 242 мүгедек Жұмыспен қамту орталығына жүгінген. Олардың ішінде 98 адам тұрақты жұмысқа, 86 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. 12-сі әлеуметтік орындар мен жастар тәжірибесіне жіберіліпті. Ал 33 адам кәсіби оқу курстарына жолданды.

Жалпы жыл сайын өңірде 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасады. Биыл да сол көрсеткіш қамтылады деп күтілуде.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, оларды қоғамның ішкі жұмыстарына араластыру –  басты мақсатымыз. Бізден көмек сұрап келгендер көбінесе қызмет көрсету саласына, мұнай компанияларына бағытталады. Сонымен қатар, жыл сайын түрлі мекемелерден квота бөлінеді. Мамандығына қарай жібереміз. Ал егер арнаулы білімі жоқ болса, оқытамыз. Мәселен, өткен жылы 32 мүгедек квота бойынша жұмысқа орналасты» деп мәлімдеді Нариман Салимов.

Айдос ҚАРАБАЛА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз