Алғыс алған арымас…
Исатай ауданының жастары жақсылық жасап жарысуды дәстүрге
айналдырды. Аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған
«ECOVolunteer» еріктілер клубының «The Future» тобы қайырымдылық керуенінде
көш бастап келеді. Бұл жолы олар ауылдағы жалғызбасты Асылбек Қисметовтың үй шаруасына көмектесті.
Тұрғынның мүгедектігі болғандықтан тазалық жұмыстары көп күшті талап етеді. Ол еріктілердің қолғабысына риза болып, батасын берді.
–Біздің еріктілер көптеген игі шараларды ұйымдастырып, мұқтаж жандарға
көмектесіп жүр. Ал «The Future» тобының ерекшелігі — 43 мектеп оқушыcынан
құрылған. Бір қуанарлығы, мектеп қабырғасынан игі істерге өз еріктерімен
бастамашы болып жүрген жастар қоғамға үлгі болады. Олар аула және спорт
клубтарын ұйымдастыру, мұқтаждарға әлеуметтік көмек көрсету бағыттары
бойынша қызмет көрсетіп келеді, — деді аудандық жастар ресурстық орталығының
маманы Арсен Смайылов.
Айта кетейік, аталған еріктілер тобы сабақтан тыс уақытта жаға бекіту
жұмыстарына да атсалысып жүр. Топтағы қыздар болса үйлерінен бәліш-самса
пісіріп, жағалау жұмысында жүрген адамдарға үлестіреді.
Майра ЕРҒАЛИ
Исатай ауданы
Бізді қолдап жатқан жандарға алғысымыз шексіз♀️