Қағазбастылықтан арылтатын бастама

4b756f0aba47671ad535bd6f8f166a9f Қоғам

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарланғанындай, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қарасты Алматы және Атырау вагон деполарында «Вагон пайдалану депосын автоматтандыру» жобасы пилоттық режимде іске қосылмақ. Егер тәжірибеден сәтті өтсе, жаңа жоба еліміздің өзге вагон кәсіпорындарына таратылады деп жоспарланып отыр.

Мамандардың мəліметінше, жаңа жоба вагон қараушылардың жұмысын автоматтандырумен қатар вагондарға техникалық қызмет көрсету уақытын қысқартады. Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Оны дайындауға төрт ай уақыт жұмсалған. Бүгінде вагон пайдалану деполарындағы жұмыстар көбінде қолмен атқарылып келеді. Вагон қараушылар хабарлама дəптерін жүргізіп, онда олар вагондардың жай-күйі туралы деректерді жазады. Анықталған ақаулар туралы хабарды вагон қараушы техникалық қызмет көрсету бекетінің операторына парктік радиобайланыс арқылы жеткізіп, содан кейін қажетті формаларды ресімдеу үшін кеңсеге келеді екен.
Ал жоба жүзеге асқаннан ке й і н в а го н қ а р ау ш ы л а р қағазбастылықтан біржолата арылады. Яғни, мобильді қосымшаны енгізу уақытты үнемдеп, деректерді беру кезінде қателіктерге жол бермейді.
Электронды құжат нақты уақыт режимінде вагонды қарау кезінде ресімделетін болады.

Компанияның ресми өкілі Қанат Көбесовтің айтуынша, вагон қараушылар мобильді қ о с ы м ш а д а ж ы л ж ы -м а л ы құрамды тексеру барысында анықталған ақауларды тіркеп, вагон операторының порталына деректерді жіберіп, кері байланыс орната алады.

Дəулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз