Жарнама
Қоғам

Әлеуметтік желі жасөспірімге қалай әсер етеді?

Қазір XXI ғасыр. Заман дамыды. Әлеуметтік желі де күннен күнге дамып келеді. Барша адамзат өмірлерін әлеуметтік желісіз елестете алмайтындай…

Халық технологияның дамыған заманында өмір сүреді. Статистика бойынша, миллиардтаған адам әлеуметтік желіні қолданады. Ең танымалы: Instagram, WhatsApp, Facebook, Twitter және тағы басқа. Бірақ, оның көп жағдайда кері әсер ететінін ата-ана біле ме?!

Соңғы уақытта жасөспірімдердің жиі жоғалуы, себепсіз өз-өзіне қол жұмсауы көбейіп бара жатыр. Оның басты себептері ата-ана арасында түсініспеушілік, қол көтеру, үйде жиі жанжалдасу. Осының кесірінен жасөспірімдер бөлек тұруға, үйден және мектептен жиі қашуға ұмтыла бастайды. Олардың миын улайтын қауіпті ойындар да әсер етуі әбден мүмкін. Қазір көпшілік ата-ана балаларының ұялы телефонын мүлдем тексермейді. Жалпы, әр ата-ана жасөспірім жасына жеткен баласымен күнделікті сөйлесіп жүруі керек. Ал бала ата-анасына қысылмай, әңгімесін айта білуі тиіс. Сонда ғана екі жақтың ара-қатынасы түзеліп, ес түссіз жоғалып, үйден қашу мәселесі орын алмайтын болады.

2017 жылдың басында «синий кит, тихий дом» атты ойын ел-жұртты біраз шошытқан еді…Бұл ойынға біздің елден 200-ден аса жасөспірім қатысады деп мәлімет тараған болатын. Кейін 15 жасөспірімнің өліміне себепші болған ресейлік азамат ақыр соңында тұтқынға алынды.

«Адам азды, заман тозды» деген осы шығар. Бүгінгі күні де сондай керексіз ойынмен және белгісіз себептермен жастардың өлімі тоқтамай тұр. Өзін өлтірумен кімге пайда әкеледі екен? Әсіресе кәмелетке толмағандар ата-анадан гөрі бейтаныс адамдарға тез сенгіш болып келеді. Тоқтау қоймасақ, жалғасып кетері бар ма?

Иә, ақыр соңында барлығы әлеуметтік желіге келіп тұр ғой. Бірақ, бұның да жақсы жақтары барын ұмытпайық. Жастар бұзылса, ата-анамен жұмыс жасау керек. Баланың психологиясын тексертіп, жеке сөйлесіп тұру тиіс. Арнайы мамандармен де жұмыс жасау артық етпейді. Қазірден бастап осындай ауқымды мәселені қолға алмасақ, кейін кеш боп кетері анық…

Асылай Жұмажанова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің IV курс студенті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button