
Әлемде ешбір ел дамудан шет қалмауға тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясында сөйлеген сөзінде қазіргі геосаяси жағдайда осындай елдердің алдында тұрған өзекті проблемаларды ашық әрі нақты атап көрсетті. Шынында да, бұл топқа кіретін 32 елдің тең жартысы жаһандық нарыққа жол табуда, технология мен қаржыландыруға қол жеткізуде айтарлықтай қиындықтарға тап болып отыр.
Президентіміз бұл елдердің үні жаһандық деңгейде естілуі керектігін баса айтты. Бұл – әділетті халықаралық серіктестікті қалыптастыру жолындағы батыл әрі жауапты қадам. Мемлекет басшысының теңізге тікелей шыға алмайтын елдерді перспективті серіктес ретінде қарастыру туралы пікірі – олардың болашағына сенім білдіру ғана емес, сонымен бірге жаһандық даму мен ынтымақтастықтың жаңа моделін ұсыну.
Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, Қазақстан бұл үдерістің белсенді қатысушысы бола отырып, ұжымдық жауапкершілікті де бөлісуге дайын екенін көрсетті. Біз Президент бастамаларын толық қолдай отырып, осы бағыттағы саясаттың заңнамалық негіздерін нығайтуға атсалысамыз.
Бұл конференция тек диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар даму, әріптестік және өзара сенім орнатудың нақты құралына айналатынына сенімдімін.
Қаршыға ЖАУЫМБАЕВ,
Атырау қалалық мәслихатының депутаты