Жарнама
Қоғам

Алда – әлем кубогы!

 Ақтөбе қаласында ересектер арасында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан кубогы сарапқа салынды. Аталмыш додаға Атыраудан үш спортшы аттанып, 60 келі дәрежеде сынға түскен Әнуарбек Батаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, ол ел құрамасының сапына еніп, әлем кубогына қатысуға мүмкіндік алды.

— Жекпе жек – біздің ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық спорт түрінің бірі. Біз тек сол жолды жаңадан жаңғыртып, жастарға үлгі етіп, облыста да дамыту мақсатында еңбектенудеміз. Бұл бағытта жетістіктеріміз де бар. Соның бірі – Әнуарбектің жеңісі, — дейді Атырау облысының жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті Мәдихан Бекбенбетов.

  Тартысқа толы бәсекеде Әнуарбек төрт кездесу өткізіп, оның үшеуін уақытынан бұрын таза жеңді. Ал, финалдағы қарсыласы – батысқазақстандық спортшыны айқын басымдықпен ұтты. Спортқа келгеніне үш жылдай уақыт өткен Әнуарбектің бұл – республика деңгейіндегі алғашқы жетістігі. Бірақ, алда үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Енді әлем кубогында елдің абыройын асқақтатып, көк Туымызды аспанда қалықтатуына тілекшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button