АЛАЯҚТАР АУЫЛҒА ДА ЖЕТІПТІ
Сөйтсек, бұл кәдуілгі ақша тігіліп ойналатын «лохотрон» екен. Ауыл адамдары тіпті, оның ашылар уақытын асыға күтіп, түннің бір уағында есігі жабылғанша қуықтай бөлмеге жиналып алып, бірі ақшасынан айырылып, «ах» ұрып қалса, енді бірі аяқ астынан байып кетіп, атойлап жатыр дегенді жиі еститін болдық. Тағы бір қынжылтатыны, қарапайым ғана тәсілмен мол олжаға кенеліп, қалтасын толтыруды ойлағандардың қатарында жасөспірім балалармен қатар, жігіт ағалары, орта жастағы біздің замандастарымыз да жүретін болды. Ойын қызығына түсіп, бар жиған-тергенін «шарикке» жіберіп қойып, ертеңгі күні үйінде жанжал шығып жатқанына да куә болып жүрміз.
Билік басындағылар бір кездері казиноларды жауып тастап, құмар ойындарына қызығушылардың аптығын бір басып еді ғой, ендігі жерде күн санап көбейіп жатқан букмекер кеңселерінің де мәселесін қолға алмаса, болмайтын сыңайлы. Әсіресе, бұл – біздің ауылдағы қарапайым адамдарға әсте керегі жоқ кәсіп. Ақшаны табудың жеңіл жолына салынып, желік қуғаннан еш пайда жоғын кеш түсініп, бармақ шайнап жүрмесек болғаны…
С.ІЗБАСАР,
Исатай ауданы.