САРБАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Атырау қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Ермекқали Юсупов №5546 әскери бөлімшесінде өз сайлаушыларымен кездесіп, сайлауалды тұғырнамаларымен таныстырды.

Алдымен, кездесуді ашқан бөлімше бастығы, подполковник Бақдәулет Оспанбеков бөлімшедегі хал-ахуалмен таныстырды. Бұдан кейін депутаттыққа үміткердің сенімді өкілі «Ақ жол» демократиялық партиясының басты мақсаттарына тоқталып, үміткер Е.Юсуповтың өмірбаянымен таныстырды, сайлаушыларды өз таңдауларын жасауға шақырды.
«Ақжолдық» үміткердің сайлауалды тұғырнамасындағы өзекті мәселелер, мәселен, жұмыссыздықты жою, ауылдардың инфрақұрылымдарын дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету, халықты қолжетімді тұрғын үйлермен қамтамасыз ету секілді ұсынымдары сайлаушылар көңілінен шықты. Өз кезегінде депутаттыққа кандидат Ермекқали Төлепқалиұлы партияның Парламенттегі фракциясының және Атырау облыстық филиалының атқарған жұмыстары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, сайлаушылардың көптеген өзекті сауалдарына жауап берді.
Кездесуде сөз алған әскерилер жол салу, жаңа маршруттар қосу, әскерилерге әлеуметтік көмектер көрсету, әскери алаңды жөндеу, т.б. өткір мәселелерді тілге тиек етіп, үміткерге сәттілік тіледі.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз