«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің Көпшілік секторы»
Құрметті Атырау облысының тұрғындары Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы (бұдан әрі — Басқарма) Комитетпен «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі — ӘІБТ) енгізу шеңберінде 2021 жылдың 17-наурызынан бастап «ӘІБТ-нің Көпшілік секторы» ақпараттық жүйесі іске асырылғанын хабарлайды.
«ӘІБТ-нің Көпшілік секторы» ақпараттық жүйесінің көмегімен интернет пайдаланушысы Комитеттің Qamqor.gov.kz ақпараттық сервисіндегі мамандандырылған модуль арқылы әкімшілік істі қараған органға тікелей әкімшілік іс бойынша өтініш немесе шағым бере алады.
Шағымды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі — ҚР ӘҚБтК) 826-1-бабы тәртібінде тек процеске қатысушы Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен бере алады және шағымның мәнін баяндаумен қатар, іс бойынша растау материалдарын да тіркеу мүмкіндігі бар.
Шағым немесе өтініш сақталғаннан кейін, ол мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына ӘІБТ ақпараттық жүйесіне түседі.
Шағымды қарау нәтижелері шағымның өңделгені туралы хабарламасы қоса тіркелген файлдармен бірге, өтініш берушінің e-mail — мекен-жайына электрондық хатпен жіберіледі.
Шағымдарды қарау процесі ҚР ӘҚБК 826-2, 826-3, 826-4, 826-5 баптарымен реттеледі.
Осылайша, «ӘІБТ-нің Көпшілік секторы» ақпараттық жүйесімен әкімшілік процеске қатысушылардың мемлекеттік органдарға тікелей шағым жолдауына және оларға уақытылы жауап алуына мүмкіндік берілген.
Сол себепті, Басқарма облыс тұрғындарының назарына мәлімет үшін «ӘІБТ Көпшілік секторы» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау бойынша ӘІБТ ақпараттық жүйесінің «Көмек» бөліміндегі бейне нұсқаулықтары орналастырылғанын хабарлайды.
А. Саметаева,
Басқарманың азаматтық және әкімшілік салаларда құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры 2-сыныпты заңгер