Жарнама
Қоғам

АҚ ЖҮРЕК, КЕҢ ПЕЙІЛМЕН

Қарияларды құрметтеу мен ұлығылау шарасына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова келіп, қала әкімі атынан ең ізгі тілегін білдірді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, бұл құттықтауға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Балдай Өтеғалиева да қосылды. Олар әкімдік пен басқарма атынан үлкендер үшін сый-сияпаттар мен тәтті тортты тарту етті.

Өздерінің төл мерекелерінің ішінде болып, қызықты бірге бөлісуге келген қонақтарға қарттар атынан Амангелді Ақбердіұлы, Рахметолла Ізтілеуов, Людмила Славова және интернат үйі директоры Қилымқас Исабайқызы ақжарма көңілден алғыс айтты.

Гүлжан ИНЖЕЛОВА,

Сурет автордікі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button