Жарнама
Қоғам

Әділетті қоғам құруға атсалысу керек

Әділетті, озық ойлы, қуатты Қазақстанның даму жолындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын толық қолдаймын.

Президенті Жолдауында айтылған бастамалар елдің ертеңіне бағытталған стратегиялық қадамдар екені айқын. Әсіресе, қоғамның бірлігі мен ынтымағына баса назар аударылуы – халқымыз үшін аса маңызды.

Абай атамыздың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өсиеті бүгінгі күнде де өзекті. Елдің дамуы үшін әрбір азамат қолдау білдіріп, аянбай еңбек етуге тиіс. Бұл – біздің Отан алдындағы азаматтық әрі рухани борышымыз.

Дін қызметкері ретінде айтарым, елге қызмет ету – имандылықтың басты парызы. Әділетті Қазақстан құру жолында әрқайсымыз бірігіп, берекелі қоғам қалыптастыруға үлес қосуымыз қажет.

Дәурен ЕРМАХАНБЕТҰЛЫ,
«Парасат» мешітінің қызметшісі

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button