Адасып кеткен 7 жасар жасөспірім қыз аман есен табылды

img 20220923 wa0007 Қоғам

22 қыркүйек күні Атырау №2 қалалық полиция бөлімінің 102 арнасына Райымбек есімді азамат 7 жасар қарындасы жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама берген.

Хабарламаны анықтау барысында №8 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары жедел түрде іздестіруді бастап, жасөспірімнің фото суретін «whatsapp» әлеуметтік желісі арқылы барлық тұрғындар тобына жіберген. Жедел іздестіру нәтижесінде жасөспірімнің Томарлы ауылдық округінде орналасқан “Айкен-ай” дүкені ішінде екені анықталып, полиция қызметкері ата-анасын бірге ертіп әкеліп, 7 жасар жасөспірімді аман есен тауып алған. Тексеру барысында 2015 ж.т., қыздың адасып қалғандығы белгілі болды. Абырой болғанда полиция қызметкерінің жедел әрекеті мен “Айкен-ай” дүкен иесінің мейірімділігі әрі игі көмегінің арқасында жасөспірім ата-анасына табысталды.

– Қарындасым Томарлы ауылдық округіндегі саз мектебіне анамыздың жетегімен барушы еді, кеше мектеп мұғалімі сабақты ерте таратып, “жүре беріңдер” деген екен. Содан қарындасым үйді таба алмай адасып қалыпты, анасы мектепке барып сұраса, “таратып жіберіпті” деген жауап алдық. Содан барлығымыз іздеуге кірістік, нәтиже болмаған соң, полицияға қоңырау шалдық, олар уақытынан бұрын шұғыл түрде келіп, қарындасымның фото суретін барлық тұрғындар тобына таратып, жедел іздестірді. Нәтижесінде қарындасымның “Айкен-ай” дүкені ішінде екені анықталып, полиция қызметкерлері бізді аталған мекен-жайға ертіп апарды. Барған кезімізде, Беймахиске кіре берісте “Айкен -ай” дүкенінде отыр екен. Жылап жүрген қарындасымызды көріп қуана құшағымызға алдық. Осы аталған оқиға бойынша “үлкендер келгенше отыра тұр» деп сусынын беріп, барлық топқа таратқан дүкен иесіне, көршілерімізге, қызметтерін жылдам әрі шұғыл түрде орындағаны үшін учаскелік полиция инспекторлары Еркебұлан Темірханов пен Талмас Алтынбековке зор алғыс айтамын. Қызметтеріңізге абырой мен сәттілік тілеймін – деп ағасы Райымбек ерекше алғысын білдірді.

Осындай оқиғаларды болдырмау үшін, полиция департаменті ата-аналарға балаларды қадағалаусыз қалдырмауын және сақ болуды ескертеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз