Жарнама
Қоғам

«КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС»

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асан Раушановтың айтуынша, аталмыш турнир 2007 жылдан бері өтпей келген еді. Енді биыл оны жандандырылып отыр.
Жарыстың бас төрешісі Талап Мұқанов палуандардың барлығы жоғары дайындықпен келгендерін айтады. Турнир қорытындысымен ұлдар арасында атыраулық Темірлан Өтеген (30 келі), Дінмұхаммед Шәменов (50 келі), Серікболсын Шынтас (66 келі), мақаттық Дулат Аманқосов (34 келі), оралдық Ерлан Уналов (38 келі), Шыңғыс Шайдрахман (42 келі), қызылқоғалық Жәнібек Тельман (46 келі), қызылордалық Мәрлен Орынбек (55 келі), Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданынан келген М.Иманғалиев (60 келі) және жаңаөзендік Мұхаммед Мұратов (+66 келі) алтыннан алқа тағынды. Ал, қыздар арасында әр келі салмақ дәрежесінде Ақарна Мұхамбетова (Исатай ауданы), Роза Зайнеденова (БҚО), Гүлжайнар Сәндібек (Ақтөбе қаласы), Тілекші Дүйсенова (Атырау қаласы) мен Диана Амангелдиева (Доссор кенті) үздік танылды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button