Жарнама
Қоғам

Абылайханның екінші жеңісі

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында кәсіпқой боксшылардың үлкен жарысы өтіп, шаршы алаңда жұдырықтасқан былғары қолғап шеберлерінің арасында атыраулық жас өрен Абылайхан Бітімов те болды.  

хан1

Жартылай орта салмақта өнер көрсеткен 18 жасар Абылайханның бұл кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі еді. Алғашқы, тұсаукесер ойынын жерлесіміз қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өткен бокс кешінде өткізіп, қарсыласын алғашқы раундта-ақ сұлатып салған болатын.

Бұл жолы ол  қырғызстандық Майсалбек Есеновпен қолғап түйістіріп, айыр қалпақты елдің өкілін екінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл қырғызстандық боксшының кәсіпқой бокстағы алғашқы аяқ алысы екен. Бокс мамандары екі кездесуін де уақытынан бұрын аяқтаған Абылайханның жеңістерін жоғары көрсеткішке бағалап, шаршы алаңға «Хан» лақап атымен шыққан спортшымыздың болашағынан зор үміт күтіп отыр.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button