Жарнама
Қоғам

АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДА – «АТЫРАУ ЖАСТАРЫ»

Аймағымызда тұңғыш ашылып отырған облыс жастарының сайты екі тілді болмақ. Ал, оны кең ақпарат беретін белді сайттардың біріне айналдыру жастардың өздеріне байланысты. 
Сонымен қатар, бұл апта ішінде 12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай түрлі шаралар легі өтпекші. Бұл жайында айтқан Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірім Қалауи қоғамның белсенді күші саналатын жастарды апталықты жоғары дәрежеде өткізуге шақырды. Айтуынша, тамыздың бесінен бастау алатын шаралар тізбегі айдың 12-не дейін жалғасын табады. Өткен жылдарға қарағанда мерекені атап өту өзгешелігі де осында. Мереке аясында, «King of the beat 2013» жастар биінің халықаралық ашық фестивалі, ұлттық өнерімізді насихаттау бағытындағы «Домбыра Party» флеш-мобы, бүгінгі жастардың 2050 жылғы жастарға жолдауы – «Уақыт капсуласын» орнату, отбасылық спорттық ойындар сынды түрлі іс-шаралар өтпекші. Ерекше айта кетерлігі, Ораза Айт мерекесімен тұспа-тұс келіп тұрған апталықта «Айт мерекесі – жастардың рухани қазынасы» тақырыбында ашық алаңда пікірлесу ұйымдастырылатын болады.
Оқу орындарын жаңадан аяқтаған және жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту үшін тоғызыншы тамыз күні таңертеңгілік сағат 10-нан бастап бос жұмыс орындары үшін жәрмеңке өтеді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырып отырған жәрмеңкеге бүгіннің өзінде түрлі мекемеден 130 бос жұмыс орны жайында ақпарат келіп түскен.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button