73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев әлем бойынша жаяу марафонын Атыраудан бастайды

17dbe7e6f3cad6a6c2c5b8773d1569c6 resize w 742 h 365 Қоғам

73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев әлем бойынша жаяу марафонға аттанады. Ол туралы ол өзінің жеке парақшасында жариялады.

 «Мен қайтадан байланыстамын достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатына шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асықпын. «Ештен кеш жақсы» демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім. Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет», – деп жазды ол.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз