
Қоғам
-45 градус аяз: Қазгидромет қатты аяз болатын аймақтарды атады
Синоптиктер 19 ақпанда Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстан Республикасының батысында, оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктердің өтуімен қар жауып, оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста — тұман.
Жетісу облысында – 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45 градус қатты аяз болады. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында 35-39 градусқа дейін қатты аяз сақталады, — делінген ақпаратта.
El.kz