СКАЙППЕН УАҒЫЗ ТЫҢДАЙМЫЗ

Амантай САДИЕВ, облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы:

- Қазіргі таңда жеті ауданның төртеуіне скайп жүйесін қондыру жұмыстары аяқталуда. Ал, ол қаладағы алты мешіттің тең жартысына орнатылды. Бір айта кетерлігі, бұл имамның кабинетінде емес, жалпы жамағаттың намазға жығылатын бөлмесінде, құбыла бетке үлкен экран орнату арқылы жүзеге асады.

Жалпы, бұл жұмыстарды қыркүйек айының бесіне дейін аяқтау жоспарда. Тағы бір маңызды жайт, бұл бастамамызға көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары да қызығушылық танытып, біздің скайп жүйесіне қосылып, өз жамағаттарына уағыз тыңдатуға ниетті. Себебі, Атырау облысы басшысының тікелей қолдауының нәтижесінде республикаға танымал төрт арнайы жоғары білімді теолог мамандардың өңірімізде жұмыс жасап жатқаны осыған себеп болып отыр.
Яғни, он жылдан астам уақыт бойы Ливан мен Түркиядан арнайы діни білім алған мамандардың уағызын тыңдау енді скайп жүйесі арқылы қолжетімді болмақ. Бұл өз кезегінде осы уақытқа дейін арнайы мамандардың сөзін тыңдау үшін орталық мешітке алыстан келетін жамағат үшін жағымды жаңалық екені қапысыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз