Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДА ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ…

«АТЫРАУ-ИНДЕР» ТАС ЖОЛЫ ЖАБЫЛАДЫ.

Өңірде жол құрылысын қайта жаңғырту мақсатында «Атырау-Индер» тас жолы жабылады. Төрт жолақты жолдың ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, жол жөндеу жұмыстары «Атырау-Доссор» тас жолынан Томарлы елді мекеніне дейінгі аралықты қамтымақ. Осы ретте жол 5 шілде сағат 08:00 ден бастап жабылатындығын хабарлаймыз.

Жол құрылысын «Атырауинжстрой» мердігер мекемесі жүргізеді.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, жаңғырту жұмыстары кезінде толықтай жолдың астыңғы қабаттары алынады. Сондай-ақ, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолы, 15 аялдама және заманауи көше жарық шамдарын орнату көзделген.

Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button