
ЭЛЕКТР БАҒАНАСЫНА СОҒЫЛАТЫН КӨЛІКТЕР КӨБЕЙГЕН
Атырауда бір түнде екі көлік электр бағанасын соғып құлатқан.
29 тамыз таңғы сағат 06:00 шамасында 1983ж.т., Exeed LX автокөлігінің жүргізушісі алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік басқарып, Абдрахманов көшесі бойында орналасақан 2 электр бағаналарына соқтығысқан. Соққы салдарынан жарақат алған адам жоқ. Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінен қатынас қағаз күтіліп, тиісті іс құжаттар жинақталуда.
Сондай-ақ, 28 тамыз түнгі сағат 23:30 шамасында 1993ж.т., азамат маркасы Daewoo Gentra автокөлігін басқара отырып Махамбет көшесі бойында жол қауіпсіздігін қадағаламай жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығысқан. Соққы салдарынан жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.