«Əлеуметтік əмиян»: пайдалы тұстары қандай?
Бұрын адамдар жаңалықты бір-бірінен еститін болса, қазір әлеуметтік желілер арқылы біліп отырады. Алдағы жаңа жылдан бастап елімізде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа жобаның енгізілетіні, ол халықтың әлсіз тобын әлдендіруге арналған әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер өтеуге арналатыны жайында кеңінен айтылуда. Осылайша заңмен белгіленген әлеуметтік маңызды төлемдер мен көмектер жаңа нұсқада беріледі деп күтілуде.
Қай ел, қандай қоғамда да халықтың тұрмыс жағдайы сараланатын әлеуметтік ахуал өте маңызды. Сондықтан, әлеуметтік салаға барынша көңіл бөлініп, тұрмысы төмен санаттағы азаматтарға мемлекет тарапынан мейлінше көмек-қолдау көрсетіледі. 2022 жылдың басынан бастап, біздің елде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа жоба жүзеге аспақшы.
Бұл не? Оның тиімділігі қандай екенін білмек болып, тақырыпты зерттеп көргенбіз. «Əлеуметтік əмиян» шетелде, кейбір ТМД елдерінде де алдымен жоба ретінде, сосын əлеуметтік қолдаудың бір шара[1]сы ретінде жүзеге асқан. Республика Сауда жəне интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың түсіндіруінше, «бəрі де халықтың осал тобының қиын тұрмысын жақсартуға бағытталады».
Рас, қандай жаңа бағдарлама, жаңа жоба, жаңа заңның да өзіндік қиындығы бол[1]май тұрмайды. Осы себепті «Əлеуметтік əмиян» пилоттық жобасы да бірден елде ортақ іске асырылмайды. Ең ал[1]дымен, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақкөл қалаларына енгізіліп, тиімді-тиімсіз тұсы сараланады. Аталған жобаның басты мақсаты – халықтың əлеуметтік осал топтарының қаржыға қол жеткізуін қамтамасыз ету, əлеуметтік көмекті есеп[1]теу ресімдерін жеңілдету, əлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру, сондай[1]ақ бюджет қаражатының шығыстарын оңтайландыру.Министрдің сөзіне қарағанда, «Əлеуметтік əмиян» ЖСН негізінде құрылады. Бүгінде оны пайдалану тəртібі, əлеуметтік маңызы бар азық[1]түлік тауарларын кодтау бойынша пилоттық жоба, осы негізде техникалық жұмыстар мен əдістемелік ұсынымдар бекітілген. Ал, келесі жылдың аяғына қарай біртіндеп «Бизнес əмиян», «Цифрлы əмиян» жобалары қолданысқа енгізілмек. Министр «мұның барлығы халықтың жеке кабинеттерінің қызмет функцияларын жеңілдетуге, түрлі интернет-дүкендермен сауда-саттықты тиімді жасауға арналып отыр», – деп түсіндіреді.
Адам бəріне үйренеді
Есепшілер қауымы бұрын компью[1]термен, əлеуметтік желімен жұмыс дегенді білді ме? Əрине, білген жоқ. Тіпті, таза қағаз-қаламмен жұмыс жасаған журналистердің өзі «мынау қызық дүние екен, сонда жазғанымыздың бəрі осында сақтала ма?!» деп, компьютерді айналшықтай таңданып, бір-біріне сенімсіздеу ғана жымиятын. Ал, бүгінде сол бір сиқырлы экрансыз жұмысты елестету мүмкін емес.
Электронды сандық қолтаңба, үйден шықпай-ақ қажет құжатты алу – мұның барлығы осыдан бірнеше жыл бұрын ертегідей естілмеп пе еді?! Қазір бəрі де қолжетімді. Бұйырса, бүгінгі сөз болып отырған жаңа жоба да халықтан үлкен қолдау табатыны сөзсіз. Өйткені, министр Б.Сұлтанов «қазіргі төленіп отырған əлеуметтік жəрдемақылар мен төлемдердің шикі тұстары баршылық» дегенді меңзейді. Айталық, бұл төлемдердің белсенді есептеу тетігі жоқ, берешек немесе тыйым салынған кезде банктік шоттарды шектеу мен әлеуметтік көмек қаражатын пайдалану туралы ақпарат жеткіліксіз болатын көрінеді. Оның үстіне азаматтардың өздерінің банктік деректемелерін ұсыну кезінде түрлі қателіктерге жол беріледі. Əрі банк комиссияларын жабуға арналған бюджеттің жоғары
шығыстары болмайды. Қалай десек те, осынау жаңа жоба – цифрлық «əлеуметтік əмиян» осы мəселелерді шешеді деген үміт бар, сол себепті оған деген сенім де зор. Халық
үшін жасалып жатқан игіліктің оң боларына сенімі кəміл жұрт «мұны да көрейік» деп, алақанына түкіріп отыр. Министрдің топшылауынша, 2023 жыл[1]дан бастап, жыл сайын орта есеппен 15-20%-ға дейін банк комиссияларын жабуға арналған бюджет шығыстары оңтайландырылады. Ал, бұл екі жаққа да тиімді болмақ.
Лиза СЕЙТІМОВА
Үнемдеуге үйрететін карточка
Расында да, бала – Алланың берген баға жетпес сыйы. Оны ешкім қалауынша
қолдан жасап ала алмайды. Қосылған күннен бастап көп балалы шаңырақ болуды армандаған отағасы екеуміз бала санына ешқашан шектеу қоймадық. Бүгінде қырықтан жаңа асқан мен «Алтын алқалы» анамын, өмірге 3 қыз, 8 ұл – барлығы 11 перзент əкелдім. Көп баланың бір жақсысы – олар өте бауырмал, мейірімді. Үлкендері кішілерін қамқорлап, қолындағысын бөліп береді. Жығылса тұрғызып, жыласа жұбата біледі. Құдай көпсінбесін, отбасының табысы мен шығыны бала санына да байланысты. Айталық, екі-үш балалы отбасы мен біздің отбасын салыстыруға болмайды. Сондықтан, мен де түздің жұмысын жасап, отағасына демеу болып келемін.
Теледидар мен əлеуметтік желілерден «Əлеуметтік əмиян» туралы естіп жүрмін. Егер мұның біз секілді көп балалы отбасыларға тиімді тұстары болса, неге қолдамасқа?! Бəлкім, барлық төлемді карточкамен өтеген соң, кім біледі, ақшаны үнемдеуді де үйренерміз.
- «Əлеуметтік əмиян» – əлеуметтік төлемдер жеке тұлғаға аударылатын электрондық ақша жүйесі. Қазір бюджеттен 40-қа жуық түрлі əлеуметтік төлем (оның ішінде зейнетақы мен жəрдемақы да бар) төленеді. Оларды алу үшін қазақстандықтарға екінші деңгейлі Банктерден шот (IBAN) ашуға тура келеді. Бұл, сөз жоқ, зейнеткерлер мен мүгедектер үшін қосымша қиындық.
Ал, «əлеуметтік əмиян» əлеуметтік төлемді алушының ЖСН-і бойынша автоматты түрде ашылады. Демек Банктен шот ашудың қажеті жоқ. Бұл жүйе аза[1]маттар мен кəсіпкерлік үшін қолма[1]қол ақшасыз төлемдер бойынша транзакциялық шығындарды екі есе азайтады жəне төлемді алушының мекен-жайына ауда[1]руды жеделдетеді. Сонымен қатар, көптеген төлемді электрондық əмияннан комиссиясыз тікелей төлеуге (коммуналдық қызмет, жол жүру ақысы, əлеуметтік маңызы бар тауарлар, т.б.) жəрдемдеседі.
«Əлеуметтік əмиянға» арнайы мобильді қосымша арқылы қол жеткізуге болады. Сол
арқылы əмиянның балансын бақылап, тауарлар мен қызметтерді комиссиясыз төлеуге
мүмкіндік бар. Ж ү й е н і қ ұ р у д ы ң б а с т ы артықшылықтарының бірі – əлеуметтік көмекті 1 жұмыс күніне дейін қабылдау мерзімдерін қысқарту. Сондай-ақ əлеуметтік
көмекті тағайындау кезінде азаматтар үшін электрондық əмияндарды дереу ашу.
Халық үшін артықшылығы сол, тауар[1]ды сатып алғанда, қызмет құнын өтегенде,
төлемді смартфон қосымшасы арқылы немесе SMS-растау арқылы да жасауға болады.
Альфия ТӨЛЕҒАРИЕВА,
Атырау облысы жұмыспен қамтуды
үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар
басқармасы басшысының орынбасары