Балаларға – велоорталық

veloortalyk Жаңалықтар

Atr.kz/2 тамыз, 2019 жыл. Нұрсая шағынауданында басталған велоорталық құрылысы толықтай аяқталып, есігін айқара ашты.

Жуырда алғашқы даярлық тобына балалар қабылдап та үлгерді. Қазір қырыққа жуық бала тыңғылықты даярлық жұмысын бастап кетті. Бұдан бөлек, Авангард шағынауданындағы №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі мен Нұрсаядағы №48 үйдің алғашқы қабатынан ашылған залда жаппай велоспорт секциясы ашылды.

Сондай-ақ, осында Талдықорған қаласынан арнайы білікті жаттықтырушы Ербол Бедербеков шақыртылып алынған. Мұнда 10-15 жас аралығындағы балалар өңір үшін сирек спорт түрімен тегін шұғылдып жатыр. Демеушілердің көмегімен «Venu» маркалы 50 велосипед сатып алынды.

Айта кету керек, алдағы уақытта Бейбарыс, Құрманғазы, Амандосов көшелерінен веложүргіншілерге арналған жалпылама ұзындығы 24 шақырымды құрайтын арнайы жол төселеді деп жоспарлануда.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз