ҚОҚЫС ЖӘШІГІ НЕГЕ ОРНАТЫЛМАҒАН?

Біздің Атырау қаласында ғажап ғимараттар мен көпқабатты үйлердің түрі бар. Бұларға қоса терможаңғыртудан өткен бұрынғы ескі үйлердің келбеті де көз тартады. Салынғандарына отыз-қырық жыл болса да, ол үйлер әлі күнге әдемі. Әрбір кірмедәліз алдында қоқыс салатын жәшіктері, аулада демалатын арнайы орындары бар. Соларды көріп, біз шынымен қызығамыз.

 

Ал, біз тұрып жатқан Сырым Датов көшесі бойындағы жаңа бес қабатты 35 «а», «б», «в» үйлердің балалар ойнайтын алаңында қоқыс тастайтын жәшіктер қойылмаған, адам отыратын орындар қарастырылмаған. Бәрінен бұрын немерелерін, кішкене балаларын ойнатуға шыққан үлкендерге қиын. Олардың ұзақ уақыт тікесінен тұра бергесін аяқтары талады, шаршайды. Сусын ішіп, болмаса темекі шексе, қалдық тастайтын арнаулы орын тағы жоқ. Біз мұны үйіміздің астыңғы қабатында орналасқан ПИК қызметкерлеріне де айтып көрдік, бірақ, одан еш нәтиже көрінбейді.

Бір топ тұрғын атынан –
Серік СЕЙТМҰРАТОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз