Жылыойлық бес науқас жансақтау бөлімінде

4bb54345 0d04 4e99 935f 0c3c95bf3a20 Медицина

Жылыой аудандық орталық ауруханасынан Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тұралы Жолышевтан анықтап білгеніміздей, жылыойлық 7 жүкті әйел жеңілденсе, оның бірі жолда келе жатып сәбилі болған.

–Аудандық ауруханада қазір Жылыойдан келген 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оның үшеуі қатты үрей салдарынан инсульт алған. Біреуі екі айлық сәби болса, енді бірінің жағдайы ауыр жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, – деді Т.Жолышев.

Судан зардап шеккен тұрғындар үшін Бейнеу аудандық ауруханасында 300 төсек орын жасақталған. Кеше ара қашықтығы 225 км құрайтын Бейнеуге дейін 35 науқасты 14 реанимациялық көлік пен 1 Икарус автобусы жеткізді.
Айта кетейік, Атырау қаласындағы эвакуациялық пункттерге де облыстық денсаулық сақтау басқармасы жауапты дәрігер мамандарды бөлген, азаматтар орналасқан жағдайда барлығы медициналық бақылауға алынатын болады.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз