Жарнама
Медицина

Жылыойда алғаш рет күрделі протездеу отасы сәтті жасалды

Жуырда Атырау облысы Жылыой аудандық орталық ауруханасына тұрмыстық жарақат алған науқас жүгінді. Медициналық тексеру нәтижесінде оған «Күрделі жарақат. Сол жақ бұғананың акромиалды ұшының жабық сынуы (аздап жылжыған). Оң жақ жамбас сүйегі мойнының жабық субкапитальды сынуы (сүйек бөлшектерінің жылжуы)» диагнозы қойылды.

Дәрігерлердің шешімі бойынша науқасқа шұғыл түрде хирургиялық ота қажет деп танылып, 24 қаңтарда Жылыой аудандық орталық ауруханасында алғаш рет «Оң жақ жамбас сүйегінің тоталды эндопротезі» отасы сәтті жасалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл күрделі операцияны Атырау облысының бас травматологы Б.Күлниязов және Жылыой аудандық орталық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Ж.Байзуллин жоғары деңгейде жүзеге асырды.

Заманауи медициналық жабдықтарды қолдана отырып жүргізілген бұл ота дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында сәтті өтті.
Айта кету керек, бұл аудандық медицина тарихындағы алғаш жасалған күрделі хирургиялық оталардың бірі.

-Қазір науқастың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында. Мамандырылған ем-дом және оңалту шаралары жалғасуда. Жылыой аудандық орталық ауруханасы медицина саласындағы жаңа жетістіктерді енгізе отырып, аймақ тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді жалғастыруда, — делінген басқарманың баспасөз хабарламасында.

А.ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button