Жарнама
Медицина

Жарқанаттардан табылған коронавирус: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Республика Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл ретте қытайлық ғалымдардың жарқанаттарда жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпарат та қамтылған. Министрлік ел азаматтарына ЖРВИ мен тұмауға қарсы профилактикалық шараларды сақтауды ескертеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында, кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында қытайлық ғалымдардың жарқанаттарда (HKU5) жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпарат пайда болғаны, бұл жануардан адамға жұғу қаупін тудыратыны айтылады.

Министрліктің мәлімдеуінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының және Қытайдың ауруларды бақылау және профилактика орталығының ресми сайттарында бұл вирус туралы ресми ақпарат жоқ.

Сондай-ақ ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 3,1 млн жағдайы тіркелгені, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңіне қарағанда 20%-ға аз көрсеткіш екені айтылады. Осы эпидемиологиялық маусымда зертханалық расталған тұмаудың 2370 жағдайы тіркелді, бұл өткен эпидемиологиялық маусымның деңгейіне сәйкес келеді.

Аурудың алдын алу үшін келесі профилактика шараларын сақтау ұсынылады:

• адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;

• үй-жайларды үнемі желдету;

• қолды тазалау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану;

• науқас адамдармен байланысты шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету.

Министрліктің хабарлауынша, Коронавирустықинфекция бойынша елдегі жағдай да тұрақты болыпқала береді. Жыл басынан бері елде КВИ-дің 116 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 есеге төмендеді. Өлім жағдайлары жоқ.

Соңғы мониторинг деректері бойынша омикрон кіші нұсқасының айналымы анықталған.

Zakon.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button