Жарнама
Медицина

«Балаға үш жасқа дейін массаж алу керек» — Жібек Қуанғалиқызы

Облыста церебральды сал ауруы диагнозы бар балалардың ата-аналарына емдік массаж әдістерінен шеберлік сағаты өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Атырау өңіріндегі күміс  волонтерлікті дамыту» жобасы аясындағы іс-шараға Атырау қалалық №4 қалалық емханасына тіркелген ерекше балалардың аналары қатысты.

Шеберлік сағаты барысында «Болашақ К» қоғамдық қорының жетекшісі, белгілі реабилитолог дәрігер Жібек Бисенованың ұйымдастыруымен сал ауруына шалдыққан балалардың аналарына арналған емдік массаж жасау әдістері көрсетілді.

– Біздің орталық қазір төрт жоба аясында жұмыс жасауда. Атап айтқанда, ата-аналар медициналық әлеуметтік сақтандыру жобасы бойынша портал арқылы, екінші жоба демеушілік негізде, яғни ТШО компаниясы арқылы «Ерте араласу жобасы» бойынша  келеді. Ол – бір айдан бастап денсаулығында кінәраты байқалған балаға ерте оңалту жұмыстарын жүргізу. Яғни, үш жасқа дейін балаға массажды толық үзбей жасаса, мүгедектіктің алдын алуға болады. Үшінші жоба – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне кірмейтін, ақылы түрде жүргізілетін массаж, төртінші жоба арқылы «Азаматтық орталық» арқылы әлсіз топтағы ата-аналар мен көп балалы отбасыларға 10 күндік тегін массаж береміз, — деді Жібек Қуанғалиқызы.

Облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы осы жоба аясында қазір орталықта 15 бала биорезонансты технология бойынша тегін биоэнерго массажын және микрополяризация алып жүр. Жыл сайын орталықта церебральды сал ауруы диагнозы бар 1200-дей бала ем қабылдайды.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button