САПАСЫЗ ТАҒАМ – АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІПТІ
Осы тұрғыда жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің 2015 жылдың 21 сәуіріндегі №2 «Атырау облысы бойынша халықтың арасында жұқпалы ішек ауруларының және жаппай тамақтан уланудың алдын алу туралы» қаулысы шықты. Осы қаулы негізінде барлық сауда, азық-түлік базарларында, қоғамдық тамақтандыру, тағам өнімдерін өндіру нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өндірістік бақылау зертханасы енгізілді. Онда тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталмаған орындарда тез бұзылатын тағамдарды, олардың ішінде дайын піскен тағамдар мен салаттардың дайындалуы, сақталуына және үй жағдайында консервіленген тағамдарды сақтауға тиым салынған-ды.
Осы жағдайға байланысты облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиевтың қатысуымен қоғамдық тамақтану орындарының иелері-кәсіпкерлермен оқу семинар өткізілді.
Аталмыш шараға қатысты тамақ қауіпсіздігін қадағалау бөлімнің басшысы Әлия Бекешева санитарлық ережелер мен талаптарды және тамақтан уланудың алдын алу жолдарын, сонымен қатар ұйымдасқан қоғамдық тамақтану нысандарында жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы туралы баяндады.
Өкінішке орай, әлі де қоғамдық тамақтандыру нысандарында санитарлық-гигиеналық талаптардың өз деңгейінде болмай отырғандығына нақты мысалдар келтірді. Осы тұрғыда облыста тамақ қауіпсіздігінің алдын алу, тамақтан улануды болдырмау бағытында түсінік жұмыстарының жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Басқосуда жеке кәсіпкерлер аталмыш мәселеге қатысты өз пікірлері, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, басқосуда Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бас маманы Қаламқас Аманжолова коммуналдық саладағы нысандарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар мен ережелердің сақталуы жайында кеңінен түсінік берді.
Ғ.ЗИНУЛЛИН.