Атырауда «Жедел жәрдем» үшін жаңа ғимарат салынады

2023 02 06 bv9s3fs7vqil0rqncqk3xhkonv6mgcj58m4pdvxt Медицина

Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары аясында көктемде жаңа жедел медициналық жәрдем ғимараты мен үш қосалқы стансының құрылысы басталады.

«Қазір жобаның жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылыс осы жылдың көктемінде басталады. Оның негізгі ғимараты Атырау қаласында, ал қосалқы стансылары Жұлдыз, Дамба және Еркінқала шағын аудандарында орналасады» деп хабарлады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  

Облыстық «Жедел жәрдем» стансысы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, жыл сайын халықтың жедел медициналық көмекке жүгіну саны артып келеді.  

«Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем станциясында тәулігіне 43 бригада жұмыс істейді, оның 26 – сы қалада, 17 – сі аудандарда. Барлығы 804 адам. Тәулігіне «103» пультіне 900-1000 қоңырау түседі.

«2022 жылғы 31 желтоқсанда Атырау қаласының халқы 325 006 адамды құрады, халықтың абсолютті өсуі – жылына 10 мыңнан астам адам, тиісінше, халықтың жедел медициналық көмекке жүгіну саны артып келеді. Сонымен қатар, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының, жол-көлік оқиғаларының, балалар жарақаттарының саны артты», – деп атап өтті ол.  

Бүгінде корпус 1994 жылы салынған бұрынғы мәйітхананың бейімделген ғимаратында орналасқан.

 «Жедел жәрдем» және оның қосалқы стансыларының ғимараты санитарлық нормаларға сәйкес келмейді: оларда орталық зарарсыздандыру бөлімшесі, кір жуатын орын, амбулаториялық науқастарды қабылдауға арналған кабинеттер, жуынатын бөлме, бөлек санитарлық тораптар, асхана, персоналдың демалуына арналған бөлмелер жоқ. Бетондалған автотұрақ, жылы гараждар, бокстар, кірме жолдар жоқ. Сонымен қатар, ғимараттар өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келмейді.

atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз