МедицинаЖаңалықтар
Қатерлі індеттен қауіп бар
«Қызыл аймақтағы» Атырау облысында ковид инфекциясын жұқтырғандар қайта көбейді.
Қазіргі күні инфекциялық стационарларда 371 науқас ем қабылдап жатыр. Соңғы тәулікте Атырау қаласында ауру жұқтырудың 64 жағдайы тіркелген. Олар: Теңіз кен орнында – 5, Жылыой ауданында – 7, Қызылқоғада – 5, Мақатта – 4, Исатайда – 3, Махамбетте – 1. Қазір 400 шамалы адам үй жағдайында емделуде. Сондай-ақ, модульдік ауруханада – 139, №2 облыстық ауруханада – 115, аудандардағы стационарларда – 64, Теңіз кен орнындағы стационарда – 48, фтизиопульманологиялық орталықта 5 адам оқшауланған.
Лиза СЕЙТІМОВА