Жарнама
Медицина

Онкология диспансеріне гуманитарлық көмек жетті

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Атырау облыстық онкология диспансеріне гуманитарлық көмек жіберді.

Мұның ішінде 3 үрмелі қайық, 5 құтқару жилеті, 5 резеңке комбинезон мен
бас киімге тағылатын 5 шамы бар.

ҚР штаттан тыс бас онкологы, ҚазОРҒЗИ АҚ басқармасының төрағасы Диляра Қайдарова Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты алаңдаушылығын білдіріп, бұл құрал-жабдықтың қажеттілігін жеткізді. Гуманитарлық көмекті қабылдап алған диспансер директоры Эльмира Сапарова ғимарат Жайық өзенінің іргесінде тұрғандықтан сақтықта қорлық жоқ екенін атап айтты.

-Атырау облысына су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге аса қажет құтқару құралдары мен гуманитарлық көмекті жеткізіп, әрдайым байланыста отырған әріптестерімізге дән ризамыз. Қазір бірлесіп, қаламызды тасқын судан сақтауға әрқайсымыз белсене кірістік. Осы сәтте аталған керек-жарақтың қажеттілігі сөзсіз. Атырау облыстық онкология диспансерінің ұжымы атынан гуманитарлық көмекті жинақтауға атсалысқан барлық әріптеске шексіз құрметімізді білдіреміз, — дейді ол.

Айта кету керек, бүгінде онкологиялық ауруларды емдеу, хирургиялық және химиотерапиялық, радиологиялық қызмет көрсететін Атырау облыстық онкология диспансерінде 110 стационар, 30 күндізгі бөлім жұмыс істейді.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button