
Медицина
Өңірде жыл басынан бері 8 128 адам қан доноры болған
Атырау облыстық қан орталығы күніне 20-80 адам қабылдап, 20-40 литр донорлық қан және оның компонентімен толықтырылады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл ерікті түрде қан тапсырған азаматтардың қанынан 20 мыңға жуық доза дайындалып, емдеу-сауықтыру мекемелеріне жіберілген
— Жасы 18-ге толған, арнайы медициналық тексеруден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ жеке тұлғалар донор бола алады. Облыстық қан орталығы облыстағы 16 медициналық ұйымды қан және оның компоненттерімен қажеттілігін толықтай қамтамасыз етіп келеді, — деді орталықтың статист маманы Арайлым Турениязова.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 11 039 адам донорлыққа ынталанып, 8128 адам қан тапсырған.
Сурет: opennews.kz