Кеш жатып, кеш тұратын адамдарда ерте өліп кету қаупі жоғары

W1sgJJI0X2y4cb5K lg 1 Медицина

Англия университетінің ғалымдары кеш жатып, кеш тұратын адамдарда уақытынан бұрын өліп кету қаупі жоғары екенін анықтады.

W1sgJJI0X2y4cb5K-lg

Зерттеуге 38 бен 73 жас аралығындағы 433 мың адам қатысты. Ғалымдар оларды төрт топқа бөліп, денсаулығын 6,5 жыл бойы бақылауда ұстады. Нәтижесінде кеш жататын адамдарда ерте өліп кету қаупі 10%-ға жоғары екені анықталды. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін. Кеш жатып, кеш оянатын адамдар жүрек-қан тамырлары, диабет, психологиялық және жүйке ауруларына жиі ұшырайды екен.

Ғалымдардың сөзінше, адам хронотипінің геннен берілетіні анықталса, кеш ұйықтайтындарға күнделікті күн тәртібін ауыстырғаны жөн. Жұмыс тәртібіне сай кеш жатып, кеш тұруға мәжбүр болатын адамдар күйзеліске де жиі тап болатын көрінеді.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз