Жарнама
Медицина

Облыстық ауруханада – жаңа аппарат

Атырау облыстық ауруханасының гепотологиялық орталығына жаңа FibroScan аппараты пайдалануға берілді.

Бұл туралы Облыстық аурухананың функциональды диагностика-дәрігері Алтынай Нурышева мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

FibroScan аппараты — бауырдың зақымдану деңгейін дұрыс бағалауға және ауруды болжауға, бауырдың созылмалы диффуздық ауруларының динамикасын, яғни гепатиттің өршуі мен оның циррозға ауысуын бақылауға мүмкіндік береді. Оған қоса бауырдағы онкологиялық ошақты анықтауда маңызы зор.

Функциональды диагностика-дәрігері Алтынай Нурышеваның айтуынша, жаңа әдіс пациент үшін өте жайлы. Себебі, ол еш жарақатсыз және қауіпсіз жасалады, зерттеу жүргізуге оның кері көрсеткіштері жоқ, пациентті алдын ала тексерудің, дайындаудың, стационарда жатуының қажеті жоқ. Экономикалық жағынан да биопсияға қарағанда арзан. Облысымызда FibroScan аппараты 2013 жылдан бері бар, бірақ бұл жаңа түрінің ерекшелігі балаларға қолданылады , — деді ол.

Дәрігер айтып өткендей, тексеруге 10-15 минут уақыт кетеді, нәтижесі пациентке тексерілгеннен кейін бірден беріледі, бауырдың фибросканирлеуі пациентке бірнеше рет жүргізілуі мүмкін, бұл диспансерлік бақылау мен терапияның тиімділігін бақылау кезінде маңызды.

Айта кетейік, жаңа аппараттан жергілікті дәрігердің жолдамасымен кез-келген адам тексерістен өте алады. Ал, аталған медициналық аппарат Теңізшевройл компаниясының демеушілігімен алынып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button