Мерейтойлық конференция: Жүрек орталығына әйгілі кардиохирургтар келді
Биыл Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы медициналық орталықтардың бірі болып табылатын Жүрек орталығы өзінің 10 жылдығын атап өтуде. Маңызды күнді тойлау аясында клиника мен «Жүрек орталығы» қорының ұжымы “Жүрек орталығы 10 жыл: Looking back, thinking forwards” мерейтойлық конференциясын ұйымдастырды.
Бұл конференция бүкіл әлемдік дәрігерлерінің алаңы болды: қатысушыларға құнды тәжірибемен бөлісуге және жүрек ауруларын диагностикалау мен емдеу саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді талқылауға тамаша мүмкіндік болды. Бұл іс-шараға 700 -ден астам қатысушы қатысты: кейбіреулер офлайн сессияларға қатыса алды, ал басқалары спикерлердің әрқайсысының дәрістеріне онлайн қосылды.
Жүрек орталығы әлемнің түкпір-түкпірінен атақты дәрігерлерді шақырды, олардың көпшілігі Орталықтың ашылғаннан бері Қазақстанда немесе Орталық Азия елдерінде алғаш рет кардиохирургтардың жүргізілген күрделі оталарына қатысты. Мысалы, 2012 жылы Қазақстанда бірінші рет донорлық жүрек трансплантациясына қатысқан атақты кардиохирург Ян Пирк спикері ретінде шақырылды. Сол уақыттан бері Жүрек орталығында тағы 83 ота жасалды, ал біздің клиника Орталық Азияда жүрек трансплантациясы жасалатын жалғыз клиника болып табылады.
«Сол күні мен Чехияға доктор Пиркке қоңырау шалғаным есімде», — деп алғашқы трансплантация туралы еске алады хирургия және ғылым директоры Юрий Пя. — Сонда біз донордың туыстары кайтыс болғаннан кейінгі жүрек донорлығына келісім бергенін білдік. Трансплантацияны шұғыл түрде жүргізуге Доктор Пирктің қатысуы қажет болды. Ол өзінің емханасында отаны енді аяқтап жатыр еді, содан кейін Астанаға бірінші рейспен ұшып кетті». Бұл 2012 жылдың 8 тамызы еді: сонда біздің Орталықтың дәрігерлері доктор Пиркпен бірге Қазақстанда трансплантологияның дамуында маңызды қадам жасады.
Конференцияға біздің Орталыққа қандай да бір түрде қолдау көрсеткен, біздің дәрігерлерді оқытып, Қазақстандағы медицинаның дамуына үлес қосқан басқа да дәрігерлер қатысады:
— Jan Pirk – MD, PhD, Профессор, IKEM Кардиология орталығының басшысы;
— Kestutis Rucinskas – MD, PhD, Santaros Klinikos University Hospital кардиохирургия бойынша басшысы;
— Сергей Дземешкевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ФМБҒМ «акад. Б.В.Петровский атындағы РХҒО миокард дисфункциясы мен жүрек жеткіліксіздігін хирургиялық емдеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері;
— Fred Kusumoto – MD, Mayo Clinic Жүрек ырғағы қызметінің директоры;
— Salim Aziz – MD, FACS, George Washington University Hospital кардиоваскулярлық хирургия департаментінің клиникалық профессоры;
— Robertas Samalavicius — MD, Professor, Vilnius University Hospital Santaros Klinikos анестезия бөлімшесінің басшысы
Конференция 2021 жылдың 21 және 22 қазанында гибридті форматта 2 күнге созылады: қатысушылар біздің Орталықта өткізілетін дәрістерге қатысады және nrcsc.online ресми сайтында онлайн қосылады.
Конференция жүрек ауруларын диагностикалау және емдеудің қазіргі бағыттары, дәрі-дәрмектің қолжетімділігі, сондай-ақ COVID-19 және постковидтық синдром туралы дәрістер мен пікірталастардан тұрады.
2021 жылдың 22 қазанында конференция аясында «Жүрек орталығы» қоры «Дар» инсталляциясын ресми түрде ашады. Арт-объект астаналық Ботаникалық бағының аумағында орнатылған. Инсталляцияның авторы қазақстандық мүсінші Эдуард Газарян болып табылады. «Дар» жаңа өмірге мүмкіндік берген донорларға ризашылықтың символына айналады.
«Өлгеннен кейін баға жетпес сыйлықтың бейнесі болатын инсталляцияны құру идеясы көп жылдар бойы талқыланып келеді. Ақырында, бұл мүмкіндік пайда болды және «Жүрек орталығы» қоры бұл жобаның толық орындалуын өз мойнына алды, ал Jusan Invest компаниясы инсталляцияны құруға қаржылық қолдау көрсетті. Бұл ретте біздің қорға қайырымдылық жасаған әрбір адам «Дар» құруға өз үлесін қосты », — делінген Қорда.
Бұл конференцияны Жүрек орталығының серіктестерінің қолдауынсыз өткізу мүмкін емес еді, атап айтқанда:
· “Abbott” компаниясы, конференцияның басты серіктесі;
· “Apex C” компаниясы;
· “Bayer” халықаралық концерні;
· “Meril Life Sciences” компаниясы;
· “Dives” компаниясы;
· “Janssen” компаниясы;
· “Octapharma” компаниясы;
· “UNICMED ASIA” компаниясы;
· “Medtronic” компаниясы;
· “ABMG expert” компаниясы;
· “B. Braun” компаниясы;
· “Меда” компаниясы;
· “ProBuono” компаниясы.
Жүрек орталығының Баспасөз қызметі