МӘМС жүйесі: «Сақтандырусыз жүктілік есебіне тұруға бола ма?»
«МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтер көрсеткіштер бойынша және емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша «сақтандырылған» мәртебесінде тегін көрсетіледі», деп хабарлайды atr.kz тілшісі Медициналық сақтандыру қорының Атырау облысы бойынша бөлімшесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«МӘМС туралы Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес сақтандыру жеңілдікті мәртебе жұмыс істемейтін жүкті әйелге жеңілдікті мәртебе беріледі, ол үшін қатарынан 2 айдан астам әлеуметтік және зейнетақы аударымдары жүргізілмеген болу қажет. МӘМС жүйесінде «сақтандыру» мәртебесі жоқ жүкті әйелдер «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы уақытша мәртебеге ие бола алады. МӘМС жүйесінде уақытша мәртебе беру үшін ЖСН және жүктілік мерзімі туралы ақпаратты көрсете отырып, 027/е нысаны бойынша анықтаманы қосымшаға бекіту қажет. Сонымен қатар, анықтамада медициналық мекеменің мөрі және берілген күні болуы керек. Сақтандырудың уақытша мәртебесін алғаннан кейін бір ай ішінде МӘМС жүйесінде өзінің тұрақты мәртебесін өзектендіру қажет», деп жауап берді қордың ресми өкілі Сағынбек Аронов.