«ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ» ЖАЛҒАСЫП…

«Саламатты Қазақстан»  бағдарламасын іске асыру аясында елімізде «Денсаулық жолы» акциясы одан әрі жалғасуда. Осыған орай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығының мамандары  облыстың әр аудан, ауылдарын аралап, тұрғындармен кездесіп, семинарлар мен «дөңгелек үстелдер», тренингтер өткізуде.

– Биылғы «Денсаулық жолы» акциясы  дейді  облыстық салауатты  өмір салтын қалыптастыру орталығының әдіскері  Сәуле Төкеева, – туберкулез бен  ВИЧ/СПИД  дертін  ауыздықтауға, оның алдын алуға арналып отыр. Жақында  орталық мамандары  Жылыой, Мақат, Индер, Махамбет, Исатай   аудандарының елді мекендерінде  болды. Онда жергілікті  халықпен  жүздесіп, оларға әлеуметтік маңызы бар аурулар туралы кеңінен әңгімелеп, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға  шақыратын  тегін буклеттер  таратылды. Сондай-ақ,  басқосуларда  дәрігерлер де ауыл тұрғындарына денсаулықты сақтау, кез келген аурудың алдын алу, скринингтік  тексерулерден өту, басқа да тақырыптар бойынша кеңестер берді.

Акция тамыз айының соңына дейін жалғаспақ.

Ғ.ЗЕЙН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз