Атырау облысында сәби өлімі көрсеткіші төмендеді

c2f33b69 1554 4ef8 b831 6c799d144d4c Медицина

Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 8 мыңнан астам сәби дүниеге келді, деп хабарлайды atr.kz

2015 жылы Атырау облысы әкімінің қаулысымен облыстық перзентхана «Атырау облыстық перинаталдық орталығы»ШЖҚ КМК болып қайта құрылды. ҚР Тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында ОПО – та бірқатар маңызды өзгерістер орын алды. 

Атап айтқанда, Қазақстанның ДДҰ сәбидің тірі туу өлшемдерінің жаңа сатысына көшуіне орай, 2008 жылдан бастап орталықта дене салмағы 500 грамнан басталатын жаңа туған нәрестелерді күту басталды. Осылайша, осы санаттағы жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі биыл 33% – ға жетті. 

55e20ba8 319f 419c 8970 af8074c1b1f0

Мамандардың пікірінше, бұған ДДҰ-ның «қауіпсіз ана болу», «омыраумен емізу», «тиімді перинаталдық технологиялар» бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және медициналық жабдықты сатып алу арқасында қол жеткізілді.

– Соңғы 4 жылда ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 11 промильді құрады, ал нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 12-ден төмендеді және ағымдағы жылдың 10 айында 7,6 промиллені құрады, – деді Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының м. а.

Қазбек Ермағамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз