
Индерде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Индер ауданының Есбол ауылдық округіндегі жаңа ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне республика Денсаулық сақтау министрлігі «Балаларды оңалту ұлттық орталығының» басшысы Ажар Ғиниятқызы қатысты. Ол өз сөзінде нысанның «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында салынғанын айта келе, тұрғындарды құттықтады.

Сондай-ақ жиынға ауыл тұрғындары мен медицина саласының қызметкерлері қатысты.
Аталған дәрігерлік амбулаторияда қабылдау бөлмесі, күндізгі аурухана, ЛФК, екпе бөлмелері, сау балалар кабинеті, ресурстық кабинет, химизатор, әйелдерді қарау бөлмесі, телемедицина кабинеті секілді қажетті бөлмелермен және стандартқа сай материалдық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

Индер ауданының денсаулық сақтау саласында 1 аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік және 3 медициналық пункт бар.

Ауданның денсаулық сақтау саласында қазір 386 маман, оның ішінде 53 дәрігер мен 226 орта буын қызметкер еңбек етеді.