e505c1095217aa0d597102a322e733bc

Атырау қалалық перзентхана ғимаратында Алматы медико-генетикалық орталықтың филиалы ашылды

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Бүгінде облыста жаңа туылған ақауы бар балаларды емдеу үшін арнайы аппараттар алынып, іске қосылып жұмыс жасауда.

Сондай-ақ, жуырда Атырау қалалық перзентхана ғимаратында Алматы медико-генетикалық орталықтың филиалы ашылды.

Бұл туралы облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беруінде айтылды.

– Ол жерде әртүрлі генетикалық аурулардың алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында жүкті әйелдерге биохимиялық-перинеталдық диагностика, жаңа туған нәрестелерге неоноталдық диагностика жасалады.

Қазіргі уақытта алматылық дәрігерлер жергілікті мамандарды тегін оқытып, үйретуде. Бұл жұмыстар өз нәтижесін береді деп сенемін, – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған