![Емделуші құқығы қорғалады 1 eb99c39c 9192 4495 8af4 890ae8f21277](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/eb99c39c-9192-4495-8af4-890ae8f21277-780x470.jpeg)
Емделуші құқығы қорғалады
Өңірде пилоттық режимде «Алғыс» сауатты пациент мектебі» өз жұмысын бастаған еді. Бұл жоба пациент пен дәрігердің арасында медиациялық көпір салуды мақсат тұтады. Жоба аясында адамдарға заманауи медициналық ақпараттарды игеруге, пациент ретіндегі құқықтарын білуге, медициналық қызмет көрсету және медициналық сақтандыру бойынша маманнан кәсіби кеңес алуға көмек көрсетіліп келеді.
![Емделуші құқығы қорғалады 2 e9df0b6a fb84 4059 a2cb c0bfd30fd238](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/e9df0b6a-fb84-4059-a2cb-c0bfd30fd238-1024x682.jpeg)
Жоба авторы, Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық кеңесшісі Жанат Есмағамбетованың бастамасымен “Былина” халықтық кітапханасында ауқымды шара ұйымдастырылды. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның төрайымы Сара Нұрланқызы, дәрігер Әлішер Талғатұлы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Атырау филиалының бас сарапшысы Сағынбек Аронов, сарапшы Рафхат Есенов және мониторинг бөлімінің басшысы Ақырыс Ғалиева қала тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындар тегін дәрі-дәрмек алу, медициналық портал, скринингтен өту, анықтама алу, т.б мәселелер төңірегінде сауалдар қойды. Білікті мамандар кәсіби тұрғыда тұщымды жауаптарын беріп, аталған мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететіндерін жеткізді.
Еркеназ ҚАЛИЖАН