ЕКПЕ АУРУДАН САҚТАЙДЫ

Бүгінгі таңда республикамыздағыдай облысымыздың аумағында 28 шілде мен 28 тамыз аралығында вирустық гепатиттердің алдын алу айлығы өтуде.
Мәселен, Ұлттық егу күнтізбесіне «В» вирустық гепатитке қарсы екпені енгізгеннен бері соңғы 2002-2012 жылдары облысымызда «В» гепатиті 8,4 есеге, ал екі жастағы балалар арасында «А» вирустық гепатиті алты есеге төмендеді.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, облысымызда балаларды «В» және «С» вирустық гепатитке скринингтік тексеру басталды. Ауру көзі жұғу жолдарының көптігін ескере отырып, алдын алу шараларының ең тиімдісі екпе-вакцина алу болғандықтан, жаңа туған нәрестелерді «В» және «А» вирустық гепатиттерінен сақтауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ екі жастағы балаларға алғашқы екі аптада, созылмалы «В», «С» вирустық гепатитімен ауырған 14 жасқа дейінгі балаларға екпе жүргізіледі. Вакцина егу жылына екі рет жүргізілуі керек.

Түйіндеп айтқанда, айлық кезінде аталмыш жұқпалардан алдын алу мақсатында екпе алуды естен шығармағанымыз жөн.

Айжан АҚЫМОВА,
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бас маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз