Денсаулық сақтау министрлігі сушидің несімен зиян екенін айтып берді

c57db12c4c9ebd3d2c7ed75406a458ff Медицина

Санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға қандай суши жеуге болатынын айтып берді.

c57db12c4c9ebd3d2c7ed75406a458ff

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, сапалы өнімдерден дайындалған суши мен ролдар адам ағзасына пайдасын әкелуі мүмкін. Алайда аталған тағамның қауіпті тұстары да жоқ емес.

«Жапон асханасында тағамдық өнімдер термиялық өңдеуден өте бермейді. Дәл осы себепті ролдар қауіпті болуы мүмкін. Шикі балық етін тұрақты түрде тұтыну барысында ішек құрттарын жұқтыру қаупі бар», – дейді санитарлық дәрігерлер.

Олардың сөзінше, мұздатылмаған балықта аз уақыт ішінде ауру тудыратын бактериялар дамиды.

Сондай-ақ, дәрігерлер жүкті әйелдер мен балаларға шикі, қақталған және ысталған балық еті қосылған суши мен роллдарды жемеуге кеңес берді. Елімізде ролдарға көбіне «Филадельфия» ірімшігі қосылады.

«Өндірістік әдіспен әзірленген аталған өнімнің құрамында тұрақтандырғыштар, консерванттар мен хош иістендіргіштер бар. Химиялық заттар да роллдардың зияндылығын көрсететін тізімді толықтырады. Ал суши мен роллдарды сүйіп жейтін адамдар аталған тағамды тек сенімді жапон мейрамханаларынан тапсырыс беріп алып, күмәнді сайттардан аулақ болғаны жөн», – дейді комитеттегілер.

Хорлан СМАДИЯР

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз