COVID-19: Атырауда өкпесінің 90 пайызы қабынған тұрғын ауруханадан емделіп шықты

3395356e ff6f 4010 84e7 67cf5cfbbcfc Медицина

№2 Атырау облыстық ауруханасында өкпесінің 90 пайызы қабынған 56 жастағы тұрғын коронавирус инфекциясынан емделіп, ауруханадан шықты.

Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлайды.

61b45e5d 0a45 452f a60f f1e8f825ef72
  • Емделуші Жібек Қазиева 17 шілде күні ауруханаға өкпесінің 90 пайызы қабынып түскен болатын. Осы аралықта жансақтау бөліміне жетпей, бейіндік бөлімде емделді. Ем-домның нәтижесінде сыртқатты жеңіп, 8 тамыз күні ауруханадан шығарылды. Алдағы уақытта Махамбет аудандық участкелік дәрігерінің тікелей бақылауында болады. Бұл өңірдегі тіркеліп отырған бірінші жағдай. Қазіргі кезде ауруханаға өкпесінің 98 пайызы қабынып түскен науқастарда жансақтау бөліміне жетпей ем қабылдауда,- деді емдеуші дәрігері Айдана Ғалымжанқызы.

Жібек Қазиева өмірін арашалап қалған дәрігерлерге алғысын айтып,
атыраулықтарды вирусқа қарсы сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Айта кетейік, №2 Атырау облыстық аурханасында 179 адам ем қабылдауда, оның ішінде 18 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз