Жарнама
Медицина

Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС есебінен 2432 оталар жасалынған

«Атырау облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК облысымызда 1974 жылдан бермен қарай  балаларға қол жетімді мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектер көрсетіп келе жатырған жалғыз көпсалалы медициналық  мекеме болып табылады. Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 2432 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 705 ота, шұғыл түрде – 1217 оталар жүргізілді.

Қараша айының басында балалар ауруханасына 5 жасар Асқар келіп түседі. 5 жастағы науқастың анасының айтуы бойынша ол туылған кезден бері ауырады екен. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша невропатолог маманына қаралып жүрген.

Бұған дейін науқасқа Алматы қаласында нейрохирургия бөлімшесінде эндоскопиялық тривентикулостомия, вентрикулоперитонеальды шунттеу отасы жасалынған екен. Одан соң, балаға тұрғылықты мекен-жайы бойынша дәрігерлерге қаралуға ұсыныс берілген. Алайда ұзақ қалпына келетін жара болғандықтан қараша айында балада дене қызуының көтерілуі, шунт аймағында қызаруы байқалады. Сол себептен Атырау облыстық балалар ауруханасының нейрохирургіне қаралып ол шұғыл түрде жарақат бөлімшесіне жатқызылады.

Науқасқа 6-қараша күні Атырау облыстық балалар ауруханасының білікті нейрохирург дәрігері Арипов Шодёр Рахимұлы  01.31 коды бойынша (ми қабығын жарып кесу) ота жасады. Көрсетілген емнің жалпы құны: 1 190 239,36 теңгені құрады. МӘМС жүйесінің арқасында бұл ота сәбиге тегін жүргізілді. Бала ауруханадан қанағаттанарлық жағдаймен шығарылып, өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша бақылауға алынды.   

«Елімізде  ЖСН алған сәттен бастап кәмілетке толғанға дейінгі барлық балалар МӘМС жүйесінде мемлекет есебінен сақтандырылған. Олардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде де мемлекет жарналарын төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санаты ретінде медициналық қызметтерге толық қол жеткізе алады» — деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Б. Газизов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button