Медицина
COVID-19: Атырауда өкпесінің 90 пайызы қабынған тұрғын ауруханадан емделіп шықты
№2 Атырау облыстық ауруханасында өкпесінің 90 пайызы қабынған 56 жастағы тұрғын коронавирус инфекциясынан емделіп, ауруханадан шықты.
Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлайды.
- Емделуші Жібек Қазиева 17 шілде күні ауруханаға өкпесінің 90 пайызы қабынып түскен болатын. Осы аралықта жансақтау бөліміне жетпей, бейіндік бөлімде емделді. Ем-домның нәтижесінде сыртқатты жеңіп, 8 тамыз күні ауруханадан шығарылды. Алдағы уақытта Махамбет аудандық участкелік дәрігерінің тікелей бақылауында болады. Бұл өңірдегі тіркеліп отырған бірінші жағдай. Қазіргі кезде ауруханаға өкпесінің 98 пайызы қабынып түскен науқастарда жансақтау бөліміне жетпей ем қабылдауда,- деді емдеуші дәрігері Айдана Ғалымжанқызы.
Жібек Қазиева өмірін арашалап қалған дәрігерлерге алғысын айтып,
атыраулықтарды вирусқа қарсы сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Айта кетейік, №2 Атырау облыстық аурханасында 179 адам ем қабылдауда, оның ішінде 18 адам жансақтау бөлімінде жатыр.