Жарнама
Медицина

«Басымызға түспей, түсінбедік…»

«Алдымен 32 жастағы балам, одан соң өзім ауырдым.Бар болғаны 1 аптаның ішінде екі немерем де жұқтырып алды.
«Бұл бізге қайдан келген пәле?» дейін десем ,жақын-жуық, дос-жарандарымыз осылай ауырып
жатыр. Бастапқы үш күн бойына ауырсыну, әлсіздік, алақанның ысуы, бас ауру сынды белгілер мазалап, күннен-күнге жағдайым нашарлай берді.
Кейін құрғақ жөтел пайда болып, компьютерлік томография өкпемнің 20 пайыз зақымданғанын көрсетті. Ауруханалар науқастарға лық толы, тағы ауру жамап алармын деген қорқынышпен, тағы бір апта жеке клиника дәрігерінен онлайн ем алдым. Алайда бұл коронавирус онлайн
емге көнбейтінін, шұбат, қымыз сынды ұлттық сусындарымызды уақытылы ішіп, үйден ем қабылдағанға бой бермейтінін түсіндім. Себебі санаулы күнде пайда болған ентікпе де енді үйден ем алудың қажет еместігін ұқтырды. 59 жасыма дейін дәл бұлай, қатты ауырып көрмеппін. Бұл вирустың ерекшелігі – адамды әбден
әлсіздендіріп, шарасыз күйге түсіреді екен» дейді Атыраудағы теміржол ауруханасының инфекциялық стационар емделушісі Гүлжан Иманова.

Related Articles

One Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button