Басқармада ана мен бала мәселелері жөніндегі орынбасар тағайындалды
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев жаңа орынбасары Альмира Сабырғалиеваны ұжымға таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі, — деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Сабырғалиева Альмира Талапқызы 1985-1992 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында «педиатрия» мамандығын аяқтаған. Кейін облыстық балалар ауруханасында бір жыл «дәрігер педиатр» мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
Әр жылдары Индер аудандық ауруханасында дәрігер педиатр-инфекционист, бөлім меңгерушісі, Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер-инфекционист, бас дәрігердің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
Бүгінгі жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін 2013-2024 жылдары Атырау облыстық перинаталдық орталығында бас дәрігердің балалар сұрақтары бойынша орынбасары, бөлім меңгерушісі, емдеу ісі жөніндегі орынбасары, әдістемелік ұйымдастыру қызметінің басшысы болды.